Оқулық. — Алматы: Дəуір, 2012. — 400 б.
Оқулықта қазіргі ақпараттық жүйелердің сипатты ерекшеліктері, жүйелік талдау мен ақпараттық жүйелерді синтездеудің негіздері, макро- жəне микродеңгейлерде есептердің қойылуы мен алгоритмдеу əдіснамасы, математикалық дабыл модельдері, байланыстардың үзіліссіз жəне дискретті арналарының моделі, дабыл мен арнаның ақпараттық сипаттамалары, кодтау теориясының жалпы түсініктері, ақпаратты қысу əдістері қарастырылған.
Оқулық оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына негізделіп жазылып, əрбір тақырыптың мақсатынан, дəріс жоспарынан, негізгі түсініктерден, тақырыптың мазмұнынан, түйіндемеден, білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтарынан, тақырып бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.
Оқулық жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері мен оқытушыларына, сонымен қатар ақпараттық технологияға қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.