Дəрістер жинағы. — Алматы: Қазақ университеті, 2013. — 222 б.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аударма теориясы жəне əдіснамасы кафедрасы оқытушыларының таңдаулы дəрістерінің жинағы əдеби шығарма жəне əдеби шығармашылық, көркем аударма жəне əдеби компаративистика саласындағы бүгінгі күннің өзекті ғылыми мəселелері бойынша инновациялық зерттеулердің нəтижелері негізінде дайындалған. Дəрістердің мазмұны пəнаралық сипатымен ерекшеленеді.
Жинаққа енген дəрістерді филологиялық мамандықтар бойынша білім алушыларға ғана емес, гуманитарлық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің бəрі пайдалануына болады.
Таңдамалы дəрістер жинағы университеттердің студенттері мен магистранттарының, докторанттарының, профессор-оқытушыларының білім қорын байытып, біліктілігін арттырады.